Бокс федерациясының президенті: «Қамшыбекке қызықты ұсыныстар түсіп жатыр»

Бокс федерациясының президенті: «Қамшыбекке қызықты ұсыныстар түсіп жатыр»

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков Sportbugin.kz. порталына берген сұхбатында мәлім етті. 

Бокс федерациясы президентінің сөзіне сүйенсек, Қоңқабаевқа қызықты ұсыныстар түскен екен. 

«Әуесқой бокстан ұлттық құрамада болған спортшылардың бірі Қамшыбек кәсіби боксты жалғастырады. Бүгінде оған қызықты ұсыныстар түсіп жатыр» деді ол. 

Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев 2020–2022 жылдар аралығында кәсіби бокста бақ сынаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или