Дзюдода тосын өзгеріс: Әбиба Әбужақынова тізімде жоқ
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Парижде 7–8 ақпанда өтетін Grand Slam турниріне қатысушылар тізімін жаңартты. Құрама ішінде Абиба Әбужақынова жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрын құрамада болған әлем чемпионатының жүлдегері Абиба Абужақынова соңғы тізімде жоқ. Қазіргі таңда Қазақстан атынан 12 дзюдошы күресетін болады, олардың ішінде Шерзод Давлатов, Дастан Шаяхметов, Абылайхан Жұбаназар сынды тәжірибелі спортшылар бар.
60 кг: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 кг: Дастан Шаяхметов, Есет Куанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг: Айдар Арапов
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамыров
+100 кг: Ғалымжан Қырықбай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или