Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Заңғар ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонға қарсы ойнады. Бірінші партияда гонконгтық теннисші 6:3 есебімен басымдық танытса, екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте есесін қайтарды. (7:6);(7:4). Үшінші кезеңде есеп 3:1 болып Заңғар аяғынан жарақат алып қалды. 

Айта кетелік, Нұрланұлы өткен жылы жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан тұңғыш рет АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или