Ресей спортшылары Олимпиадада өз туымен өнер көрсетпейді
Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей спортшылары Италиядағы Олимпиадада жеңіске жетсе, мемлекеттік туларын көтере алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ХОК баспасөз қызметі мәлім етті.
Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, аталмыш ережелердің өзгермейді, ресейліктер Ақ ойынға мемлекеттік туларын алып шыға алмайды.
«Бұл ереже 2024 жылғы Париж жазғы Олимпиадасындағыдай өзгеріссіз қалады, және бұл ақпарат 2025 жылғы қыркүйекте Милан Олимпиадасы үшін де жарияланған» деп жазды ХОК баспасөз қызметі.
Айта кетелік, Ресей спортшыларына 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасы кезінде тиым салынған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или