Хабиб: Умардың келесі қарсыласы Петр Янның таңдауына байланысты болады
Хабиб Нурмагомедов өз туысы, UFC жеңіл салмақтағы жауынгері Умар Нурмагомедовтің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хабибтың сөзіне сүйенсек, келесі жекпе-жек Петр Янның шешіміне байланысты болады. Егер Ян Мерабпен айқасса, Умар Шон О’Мэллимен кездеседі. Ал егер Ян О’Мэллимен шайқасуды таңдаса, Умар қарсыласы Мераб болады.
Айта кетелік, Умар Нурмагомедов 2016 жылғы Ресей MMA чемпионы, Дағыстан муай-тайының бірнеше дүркін чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или