Ресейлік рэпер L’One Соболенкаға Рыбакинаны жеңуді тіледі
Белгілі ресейлік рэпер L’One «Australian Open–2026» турнирінің жартылай финалында жеңіске жеткен әлемнің бірінші ракеткасы, беларуссиялық теннисші Арина Соболенконы құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Музыкант Бали аралында концерт беріп жүрген кезінде сахнада жанкүйерлерімен бірге Аринаға арнайы видеоүндеу жазған.
«Арина, сәлем! Біз қазір Балидеміз, Австралияға жақын жердеміз. Виллада отырып, сенің бәрін шетінен жеңіп жатқаныңды көріп отырмыз. Australian Open-та жеңіске жетуіңді тілейміз. Неге десең, өйткені сен тигрсің» деді L’One.
Осыдан кейін ол бірден әйгілі «Тигр» әнін орындады.
Айта кетелік, «Australian Open–2026» финалында беларусь теннисшісі қазақстандық Елена Рыбакинамен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или