Ресми. Егор Сорокин «Қайраттан» кетті
«Қайрат» 30 жастағы ресейлік қорғаушы Егор Сорокинмен қоштасатынын ресми түрде жариялады. Ойыншы келісімшарт мерзімі аяқталғанына байланысты клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сорокин «Қайратқа» 2024 жылдың жазында қосылды. Командамен бірге екі рет Қазақстан чемпионатын және Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Алматы клубындағы бір жарым маусымда қорғаушы 54 матчта ойнап, екі гол соғып, екі голдық пас берді.
Қоса кетейік, Сорокин алматылық клубтың 3 миллион еуроға бағаланған Дастан Сәтпаевтан кейінгі екінші қымбат футболшысы еді. Ресейлік қорғаушының Transfermarkt порталындағы бағасы 1 миллион еуро.
«Ақтөбе» қорғаныс шебін марокколық қорғаушымен күшейтпек
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или