«Ақтөбе» қорғаныс шебін күшейтуді көздеп отыр

«Ақтөбе» қорғаныс шебін күшейтуді көздеп отыр

Мароккалық қорғаушы Бадр Гаддарин «Ақтөбе» командасына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол мароккалық «Танжер» клубында ойнайды. Гаддарин бірнеше позицияда ойнай алады: сол жақ қорғаушы, сол жақ орталық қорғаушы және сол жақ қаптал ойыншысы. Оның мықты тұсы - сол аяғы. Техникасы жоғары деңгейде. Марокколық ойыншы «Ақтөбе» командасына екінші оқу-жаттығу жиынына қосылады», - деп хабарлайды «Серый CARDINAL» Telegram арнасы.

Еске сала кетейік, «Ақтөбе» ақпан айының басында Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынының басталғанын жариялады. Өткен маусымда Николай Костовтың командасы Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бесінші орын алды. 

Transfermarkt порталы 28 жастағы футболшыны 450 мың долларға бағалап отыр. 


Қазақстандық футболшы Испания чемпионатында гол соқты

«Реал» бас бапкер қызметіне үміткерді айқындады

«Арсенал» - «Қайрат» матчына бейнешолу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или