Қазақстандық ойыншы «Вильярреал» үшін қатарынан екінші матчта гол соқты: команда лигада көш бастап тұр
15 жастағы қазақстандық шабуылшы Салим Хасанов «Вильярреал» сапында Испания чемпионатының 17-турында «Дон Боскоға» қарсы ойында көзге түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші таймда алаңға шыққан «Қайрат» академиясының бұрынғы тәрбиеленушісі «Дон Боскоға» қарсы ойында (2:0) соңғы нүктені қойды. Қазақстандық футболшы қатарынан екінші рет гол соқты.
Бұған дейінгі турда оның есебінен «Альборая» да зардап шеккен еді (4:1).
Айта кетейік, «сары суасты қайығы» 44 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр және «Валенсияны» гол айырмашылығы бойынша артта қалдырды.
Ал католик шіркеуінің әулиесі Иоанн Босконың құрметіне аталған команда әлі де болса төменгі лигаға түсіп қалу аймағында.
Хасанов «Вильярреалға» «Леванте» клубынан ауысты. Бұған дейін ол жергілікті «Сан-Хосе» қатарында өнер көрсеткен.
«Реал» бас бапкер қызметіне үміткерді айқындады