Қазақстандық каратэші: «Жүкті екенімді бапкерлерім де білмеді»

Қазақстандық каратэші: «Жүкті екенімді бапкерлерім де білмеді»

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарда жүктілігіне қарамастан финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ол Sportbugin сайтына берген сұхбатында мәлім қылды.

Спортшының сөзіне сүйенсек, ол жарыс қарсаңында ғана жүкті екенін білген.

«Тек турнирдің алдында ғана жүкті екенімді білдім. Бұл мен күткен жаңалық еді. Күйеуіммен ақылдаса келе, жарысқа баруға шешім қабылдадым» деді Мөлдір.

Ол әдейі сақтық тактикасына басып, сирек шабуылдап, финалға дейін жеткен.

«Командалас қыздармен ақылдасып, жарыста өте сақ боламын деп шештім. Яғни, өзім шабуылға бармай, қорғаныста жүруді көздедім. Солай финалға жеттім» деп жеткізді спортшы. 

Айта кетелік, бапкерлер жарыс аяқталған соң ғана спортшының жүкті екенін білген.  Қазақстандық каратэші, 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или