Еуропа лигасы: Командалардың жеңіске жету мүмкіндігі анықталды
Opta суперкомпьютері турнирдің жалпы кезеңі аяқталғаннан кейін командалардың турнирде топ жару мүмкіндігін қайта есептеп, айқын фаворитті анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңартылған болжамға сәйкес, «Астон Вилла» кубокқа басты үміткер. Унаи Эмеридің командасының жеңіске жету мүмкіндігі 44 пайыз, бұл ең жақын қарсыласынан төрт еседен астам жоғары.
Екінші орындағы «Романың» турнир жеңімпазы атануға мүмкіндігі 10,1 пайыз. Олардан кейін «Порту» (9,3 пайыз), «Лион» (7,5 пайыз) және «Ноттингем Форест» (5,3 пайыз) жайғасқан. Opta есептеулері бойынша, қалған командалардың кубокты жеңіп алу мүмкіндігі бес пайыздан аз.
Еуропа лигасы-2025: плей-офф кезеңіне шыққан командалар тізімі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или