АСА лигасы Артем Резниковке қарсылас іздеп жатыр

АСА лигасы Артем Резниковке қарсылас іздеп жатыр

ACA лигасының президенті Магомед Бибулатов ACA 200 турнирінде қазақстандық файтер Артем Резников пен ресейлік Магомед Сулумов арасындағы жекпе-жектің өтпейтініне  қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішке орай, Сулумов пен Резников арасындағы жекпе-жек өтпейді. Осындай жағдайға бейімделдік. Спортшылар жарақат алып қалатын кездер болады. Басты кардтың бұзылғанын қаламаймыз. Артемге қарсылас іздеп жатырмыз», - деді Бибулатов.

Резников-Сулумов жекпе-жегі Магомедтің жарақатына байланысты өтпейтін болды. Резниковтың рекорды 26 жеңіс және 10 жеңіліс. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или