«Қайрат» Чемпиондар лигасынан кейін үш легионерімен қоштасты
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жорығынан кейін үш легионерімен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін алматылық клубтың баспасөз қызметі клубтан жартылай қорғаушы Валерий Громыко мен қорғаушы Егор Сорокиннің кеткенін ресми мәлімдеді.
29 жастағы Валерий Громыко 2024 жылғы жазда қызылордалық «Қайсардан» «Кайратқа» қосылып, команданың Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңуіне үлес қосты. Жаңа маусымды Громыко жарқын бастады. Қазақстан Суперкубогында «Ақтөбеге» қарсы матчта гол соғып, нәтижелі пас берді «Кайратпен» бірге УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. «Кайратта» бір жарым жыл ішінде Валерий Громыко 57 матч өткізіп, 7 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
Егор Сорокин де 2024 жылдың жазында «Кайратқа» қосылды.30 жастағы қорғаушы клубпен бірге Қазақстан чемпионатын екі рет және Суперкубокты жеңіп алды. «Кайраттағы» бір жарым жыл ішінде Сорокин 54 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар, «Арсеналмен» өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин сербиялық жартылай қорғаушы Юг Станоевтың да клубтан кететінін айтқан еді. Бірақ бұл жөнінде әлі ресми мәлімдеме жоқ. 26 жастағы Юг Станоев «Қайратқа» 2024 жылы Суботица қаласының «Спартак» клубынан ауысқан. Алматылықтар сапында серб футболшысы жалпы 48 матч өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берген.
«Арсенал» - «Қайрат» матчына бейнешолу