Жеңіл атлетика: Өскеменде халықаралық турнир өтеді
Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жарыс World Athletics Indoor Tour сериясының Silver санатындағы кезеңге жатады.
Сайыста жүгіру түрлерімен қатар техникалық дисциплиналар бойынша да медальдар сарапқа салынады.
Турнирде көрсетілген нәтижелер World Athletics-тің әлемдік рейтингіне есепке алынады.
Жарыс 14 ақпанда Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтеді. Кіру - тегін.
Қазақстандық спортшы Өзбекстаннан жүлде ақысын ала алмай отыр
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына жаңа президент тағайындалды
Жеңіл атлетикадан қысқы XXXV Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или