«Қайраттың» Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды
2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет бақ сынаған қазақстандық «Қайрат» командасы аталған турнирден қанша пайда тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық команда негізгі кезеңде сегіз ойында бір ұпайға қол жеткізді. Олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
«Қайрат» Чемпиондар лигасын негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) алды. Негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін командаға тағы 0,7 миллион еуро бұйырды. Осылайша, алматылық ұжым жалпы кезеде барлығы 19,32 миллион (11,65 миллиард теңге) пайда тапқан.
Айта кетейік, еурокубок маусымы аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықты сатудан түскен төлем қосылады.
«Арсенал» - «Қайрат» матчына бейнешолу
«Қайрат» Лондонда «Арсеналдан» жеңілді