Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының жекелей жарыстағы нәтижесі
Шушен қаласында (Норвегия) биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей жарыс өтті.
Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан үш спортшы бақ сынап, төмендегідей нәтиже көрсетті:
- Арина Крюкова - 64-орын
- Кристина Титиевская - 92-орын
- Мария Польдяева - 98-орын
Украина өкілі Анастасия Меркушина алтын медаль жеңіп алды. Италия спортшысы Самуэла Комола екінші болып мәреге жетсе, үшінші орынды Франция өкілі Вольдия Галмас Полен иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или