Астаналық клуб құрамын тәжірибелі голкипермен толықтырады

Астаналық клуб құрамын тәжірибелі голкипермен толықтырады

«Жеңіс» клубы қақпашы Илья Сотникпен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы қақпашы мансабын Астанада жалғастырады. Бұған дейін Илья Сотник Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына тұрақты түрде шақырылып келген.

Футболшы Екібастұз футболының түлегі саналады. Ол 2015–2018 жылдары жергілікті клубта ойнап, 2019 жылы павлодарлық «Ертіс» сапына ауысқан. Алайда 2020 жылы қайтадан «Екібастұз» командасына оралып, осы уақытқа дейін сол клубтың намысын қорғады.

Өткен маусымда Илья Сотник барлық турнирде 26 матчқа қатысып, 57 гол жіберді. Сонымен қатар бес кездесуде қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или