Қазақстандық спортшы кездесуде 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті. Екінші сеттегі тай-брейк аса тартысты өтіп, соңына дейін шиеленісті жағдайда жалғасты.
Елена Рыбакинаның айтуынша, матч өте жүйкеге салмақ салған. Ол бірнеше жыл бұрын осы турнирде өзі үшін сәтсіз аяқталған ұзақ тай-брейк есіне түскенін жасырмады. Сол сәттер қайта ойына оралып, психологиялық тұрғыда қиын болғанын атап өтті.
Australian Open–2026 турнирінің финалында 26 жастағы Елена Рыбакина әлемдік рейтинг көшбасшысы, беларусьтік теннисші Арина Соболенкомен кездеседі.