Бұған дейін мұндай нәтижеге тек әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко және даниялық теннисші Каролин Возняцки ғана қол жеткізген. Арина Соболенко бұл жетістікке 2022–2023 және 2025–2026 жылдары жетсе, Каролин Возняцки 2017–2018 маусымдарында осы көрсеткішті қайталаған.
29 қаңтар күні Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті. Ол америкалық теннисші, әлемнің алтыншы ракеткасы Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.
Финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік теннисші Арина Соболенкомен кездеседі. Бұған дейін Соболенко украиналық Элина Свитолинаны 6:2, 6:3 есебімен ұтқан болатын.