UFC чемпионының жоспары белгілі болды

UFC чемпионының жоспары белгілі болды

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің өкілі Али Абдель-Азиз спортшының келесі жекпе-жегіне қатысты ықтимал мерзімдерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Али Абдель-Азиздің айтуынша, Ислам Махачев мамыр немесе маусым айында октагонға оралғысы келеді. Оның сөзінше, мамыр айында Ньюарк қаласында турнир өтуі мүмкін, сондай-ақ маусым айында Ақ үйде жекпе-жек өткізу нұсқасы да қарастырылып жатыр. Бұл мәселелер алдағы уақытта талқыланбақ.

Еске салайық, Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін қараша айында UFC 322 турнирінде өткізді. Ол кездесуде аустралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпион атағын иеленген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или