Америкалық файтер жапондық промоушенде өнер көрсетеді

Америкалық файтер жапондық промоушенде өнер көрсетеді

Bellator ұйымының бұрынғы чемпионы, америкалық Патрик Микс UFC-мен қоштасып, жапондық «Rizin» промоушенімен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты жапон ұйымының баспасөз қызметі ресми түрде растады. Қазіргі таңда Патрик Микс жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

32 жастағы америкалық файтер аралас жекпе-жекте кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. 2019 жылы «Bellator» ұйымында дебют жасап, кейін жеңіл салмақта чемпион атанды. 2025 жылы ол UFC қатарына қосылды.

UFC аясында Патрик Микс екі жекпе-жек өткізді. Маусым айында UFC 316 турнирінде америкалық Марио Баутистеден төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді. Қыркүйекте өткен UFC 320 турнирінде поляк Якуб Виклачқа бөлінген шешіммен жол берді.

7 наурыз күні Патрик Микс «Rizin» турнирінде жапониялық Киома Акимотомен жекпе-жек өткізеді.

Ташкентте OCTAGON 84 турнирінің баспасөз мәслихаты өтті

OCTAGON: қазақстандық файтер өзбек қарсыласынан жеңілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или