Арина Соболенко Australian Open финалына шықты
Мельбурнде Australian Open–2026 турнирінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік теннисші Арина Соболенко мен украиналық Элина Свитолина арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесу Соболенконың 6:2, 6:3 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.
Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Арина Соболенко эйс жасай алмады, бір рет қос қателік жіберіп, жеті брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Ал Элина Свитолина екі эйс орындап, үш қос қателікке жол берді және төрт брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.
Бұл ойынға дейінгі жеке кездесулерде есеп 5:1 болып, Соболенконың пайдасына шешілген еді. Ол бұған дейін Ухань-2018, «Ролан Гаррос»–2023, Рим-2024, Цинциннати-2024 және Мадрид-2025 турнирлерінде жеңіске жеткен. Ал Свитолина тек 2020 жылы Страсбургтегі матчта басым түскен.
Турнир финалында Арина Соболенко Қазақстан өкілі Елена Рыбакина мен америкалық Джессика Пегула арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің финалына шықты
Арина Соболенко – Элина Свитолина кездесуінің тікелей трансляциясы