Германиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінен бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Биылғы алғашқы Әлем кубогының кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді. Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:
- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)
- Милад Карими (керме, еркін жаттығулар)
- Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар)
- Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)
Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.
Траньков: «Ресейліктердің қайта оралуы мәнерлеп сырғанауға аса қажет»
Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады
Қазақстандық конькимен жүгіруші әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді