Жолдас Жеңісовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Жолдас Жеңісовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жолдас Жеңісовтің (9-1, 4 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Жолдас Жеңісов 1 ақпанда Ақтауда рингке шығады. Оның қарсыласы өзбекстандық боксшы Фазлиддин Каттакулов (2-0, 0 КО) болады. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді және он раундқа есептелген.

Бұл Жеңісовтің өткен маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WBC Гран-приінде бақ сынағаннан бергі алғашқы жекпе-жегі болады. Жеңісов 1/8 финалда америкалық Трой Нэштен (6-0-1, 1 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Фазлиддин Каттакуловқа келетін болсақ, ол алдыңғы екі кәсіби жекпе-жегін өз елінде өткізді; алдағы жекпе-жек оның шетелдегі алғашқы кездесуі болады.

Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлына ауыр айып тақты




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или