ҚХЛ: «Барыс» өз алаңында «Адмиралға» есе жіберді
- «Барыс» хоккей клубы бүгін, 28 қаңтар күні өз алаңында Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Бірінші кезеңде олар бір гол соғып кетті. Екінші кеезңде олар тағы екі шайба енгізсе, оған қазақстандық клуб бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде де дәл осындай нәтиже қайталанды.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Бұл – олардың қатарынан төртінші жеңілісі.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Адмирал» (Владивосток, Ресей) – 2:5 (0:1, 1:2, 1:2)
- 0:1 - Завгородний (Основин) – 04:50
- 1:1 - Томпсон (Уиллман, Бреус) – 24:26
- 1:2 - Тимашов (Тертышный) – 29:38
- 1:3 - Олсон (Завгородний) – 33:25
- 1:4 - Старков – 47:43
- 1:5 - Основин (Завгородний, Шулак) – 50:32
- 2:5 - Масси (Савицкий, Өмірбеков) – 51:51
Турнир кестесінде «Барыс» 39 ұпаймен 19-орынды сақтап қалса, «Адмирал» 36 ұпаймен 21-орынға көтерілді.
Айта кетейік, қазақстандық клуб бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 31 қаңтар және 2 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командасымен кездессе, 4 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) клубымен шеберлік байқасады.
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында екінші орын алды
Михайлистің голы қазақстандық бапкердің клубын жеңуге көмектесті
Әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея - Қазақстан матчына бейнешолу