Қазақстандық жас теннисші Испаниядағы жарыста чемпион атанды

Қазақстандық жас теннисші Испаниядағы жарыста чемпион атанды

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Манакорда (Испания) өткен ITF M15 турнирінің жұптық сынында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Омарханов америкалық Гэвин Янгпен бірге турнирде төрт кездесу өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп жартылай финалда ұлыбританиялық жұп Джо Литер мен Маркус Вальтерстен 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Ал финалдық кездесуін аустралиялық Тай Хост пен ресейлік Егор Плешивцев жұбына қарсы өткізді. Бірінші партия 7:5 есебімен аустралиялық-ресейлік жұптың еншісіне жазылды. Екіншісінде Омарханов-Янг есе қайтарды — 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:8.

Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыста чемпион атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или