Биатлоннан Еуропа чемпионаты: ерлер арасындағы жекелей сайыс аяқталды

Биатлоннан Еуропа чемпионаты: ерлер арасындағы жекелей сайыс аяқталды

Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан Еуропа чемпионаты аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының спортшысы Вадим Куралес ең үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт ату кезеңінде бір-ақ рет мүлт кетіп, 47-ші болып мәреге жетті.

Басқа отандастарымыздың көрсеткіштері төмендегідей:

  • - Александр Мухин (4 мүлт кетті) - 51-орын;
  • - Никита Акимов (2 рет мүлт кетті) - 52-орын;
  • - Кирилл Бауэр (4 мүлт кетті) - 74-орын;
  • - Егор Гребенщиков (2 мүлт кетті) - 94-орын;
  • - Иван Дарьин (5 мүлт кетті) - 99-орын.


Франция спортшысы Антонен Гигонна жарыста жеңіске жетті. Күміс жүлде норвегиялық Исак Фрейге бұйырса, қола медальді тағы бір Франция өкілі Валентин Лежён иеленді.

Қазақстандық спортшы пара шаңғы жарысынан әлем кубогында күміс медаль еншіледі

Қазақстандық конькимен жүгіруші әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді

Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшы күміс жүлде жеңіп алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или