Пара шаңғы жарысынан әлем кубогы: Ербол Хамитов күміс медаль еншіледі

Пара шаңғы жарысынан әлем кубогы: Ербол Хамитов күміс медаль еншіледі

Бүгін, 28 қаңтарда Якушицеде (Польша) тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында пара шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінде  Ербол Хамитов күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

LW12 классында өнер көрсеткен  Ербол Хамитов 1 км спринттік жарыста 2 минут 55 секунд уақыт нәтижесімен күміс медальға ие болды. Осы дисциплинада алтын медальді АҚШ спортшысы Суйни Джошуа (02:53.64), ал қола жүлдені украиндық Бэл Павло (02:55.68) еншіледі.

Айта кетейік, пара шаңғы жарысынан  Әлем кубогының кезеңі  28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа  25 елден 300-ге жуық спортшы қатысуда. Аталмыш дода Милан-Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына рейтингтік жарыс болып cаналады.

Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшы күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық конькимен жүгіруші әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді

Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или