Қазақстан футболында төңкеріс: Талғат Байсуфинов қайта оралды!

Қазақстан футболында төңкеріс: Талғат Байсуфинов қайта оралды!

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкері ретінде бұған дейін екі рет басқарған Талғат Байсуфиновты жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Байсуфиновтың ұлттық құраманы үшінші мәрте басқаруы. Бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары қызмет атқарған еді.

Байсуфинов жетекшілігінде ұлттық құрама Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сенсация жасауды жалғастырды: Лихтенштейнді 4:0 жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Айта кетелік, Талғат Байсуфинов «Есіл-Богатырь», «Ақсу», «Ертіс», «Ақжайық» командаларын басқарған.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или