Джокович «жеңді» ме? Музетти жарақатқа байланысты ширек финалдан тыс қалды
Италиялық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Лоренцо Музетти Australian Open-2026 турнирінің ширек финалында Новак Джоковичпен кездесуін медициналық себеппен аяқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Италиялық алғашқы екі сетте жеңіске жеткен (6:4, 6:3), үшінші сетте серб теннисші ойынға ден қойып жатқан сәтте Музетти де қиындықтар туындады. Ол алдымен медициналық үзіліс алды, кейін есеп 3:1 болғанда ойынды жалғастырудан бас тартты.
«Екінші сеттің басында аяғымнан бір ыңғайсыздық сездім. Ойынды жалғастырып жаттым, өйткені бәрі жақсы секілді болды, бірақ медициналық үзілістен кейін қайта бастағанда ауырсыну үдей түсті. Қандай сезімде тұрғанымды сөзбен жеткізу қиын» деді Музетти.
Айта кетелік, биылғы Australian Open-2026 турнирінің жүлде қоры 74,9 млн долларды (шамамен 34,45 млрд теңге) құрап, өткен жылға қарағанда 16% артты және бұл турнир тарихындағы ең үлкен көрсеткіш болып отыр.