OCTAGON: қазақстандық файтер өзбек қарсыласынан жеңілді
Орталық Азия файтинг лигасының іріктеу турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары кеш қызуын кіргізген жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта 21 жастағы өзбек файтері Равшанбек Нарзиев пен 19 жастағы қазақстандық Бекзат Файзулла қарсыласты. Бірінші раундта Нарзиев үстемдік көрсетіп, қарсыласын үстемдікпен басып озды. Екінші және үшінші раундта Бекзат өз өнерін барынша көрсетуге тырысқанымен, бірнеше рет соққыға түсті.
Соңында жеңіс бірауыз шешіммен Равшанбек Нарзиевке бұйырды.
Видео: Жекпе-жек
Айта кетелік, дәл осы жекпе-жекті 01:33:00 минуттан бастап көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или