Мельбурнде мықтылар анықталды: Рыбакина мен Джокович 1/2 финалда
Мельбурнде өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы Australian Open турнирінің жартылай финалына әйелдер арасында қазақстандық Елена Рыбакина, ал ерлер арасында сербиялық теннисші Новак Джокович жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» яки «Australian Open» турнирі жалғасып жатыр. 28 қаңтарда жарыстың ширек финалдық кездесулері аяқталады. Көрермендерді ерлер мен әйелдер арасындағы төрт маңызды матч күтіп тұр.
Орталық кортта әйелдер арасында Елена Рыбакина (5) — Ига Швёнтекпен (2), ал Джессика Пегула (6) Аманда Анисимовамен (4) кездесті.
Ерлер бәсекесінде Лоренцо Музетти (5) — Новак Джоковичке (4) қарсы ойнаса, Бен Шелтон (8) — Янник Синнермен (2) кортқа шығады.
Айта кетелік, алдағы финалдық ойынға шығу үшін Рыбакина Пегулаға қарсы матч өткізеді.