Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілердің қарсыласы кім?
Лондонда «Билли Джинг Кинг 2026 кубогында» Қазақстан теннис құрамасы Канадамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлыбританияның Лондон қаласында «Билли Джинг Кинг 2026 кубогының» жеребесі тасталды. Матч 10-11 сәуір күндері Астана қаласындағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында өтеді.
«Қазақстандықтар командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өту үшін Астанада Канада құрамасымен ойнайды» деп мәлім етті Қазақстан теннис федерациясы.
Айта кетелік, Канада 2023 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған мықты теннис құрамасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или