Волкановски Царукянға ашық ескерту жасады
UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Алекс Волкановски ресейлік файтер Арман Царукянның салмақ ауыстыру мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы «Championat» мәлім етті.
Аустралиялық чемпион мұндай сын сағаттарға әрдайым дайын екенін, қарсы тұра аларын айтып, Царукянның салмақ қуған жағдайда өте қауіпті қарсылас болатынын атап өтті.
«Маған күші мығым, кездесуді оңайлықпен бере қоймайтын қарсыластармен жұдырықтасу ұнайды. Ал ол анық дәл сондай күрделі адам. Егер Арман салмағын расымен түсіре алса, бұл мен үшін үлкен қауіеті сынақ болары анық» деді Волкановски баспасөз мәслихатында.
Айта кетелік, Арман Царукян соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында Дохада өткен «UFC Fight Night 264» турнирінде өткізіп, аустралиялық Дэн Хукерді тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
Арман Царукян чемпиондық жекпе-жек сұрады
Қазақстандық файтер өзбекстандық нокаутшымен кездеседі
Шон О'Мэллидің UFC 324 турниріндегі жекпе-жегінің нәтижесін төрешілер шешті
Дана Уайт UFC 325 турниріндегі оқиғаға пікір білдірді