Экрем Конурдың мәліметінше, бұған қаңтар айының басында «Борнмуттан» келген Антуан Семеньоның трансфері себеп болған. Осы өзгерістен кейін Мармуш тұрақты ойын тәжірибесіз қаламын ба деп алаңдап отыр.
Қазіргі таңда египеттік футболшыға басты үміткерлер ретінде «Астон Вилла» мен «Тоттенхэм» аталып отыр. Мармуш трансферлік терезе жабылғанға дейін команданы ауыстыруға дайын.
Еске салайық, өткен жылдың басында «Манчестер Сити» Омар Мармушты «Айнтрахттан» 75 миллион еуроға сатып алған болатын. Transfermarkt дерегіне сәйкес, футболшының қазіргі нарықтық құны 65 миллион еуроға бағаланады.
Биылғы маусымда Мармуш барлық турнирлерде 17 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Марселонының ұлы «Реалмен» алғашқы кәсіби келісімшартын жасады
Бразилия клубтар арасындағы әлем чемпионатын өткізгісі келеді