Павлодарлық клуб қазақстандық шабуылшымен келісімшарт жасасты

Павлодарлық клуб қазақстандық шабуылшымен келісімшарт жасасты

Павлодардың «Ертіс» футбол клубы 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швыревпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Вячеслав Швырев — «Қайрат» академиясының түлегі. Ол әр жылдары «Ақжайық», «Қайрат», «Қайрат-Москва», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғады. «Сары-қаралар» сапында Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионы атанып, Қазақстан кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар «Қайрат-Москва» клубында ойнаған кезеңінде Ресей кубогының үздік сұрмергені атанып, төрт гол соққан.

Өткен маусымда шабуылшы «Ақтөбе» құрамында өнер көрсетіп, барлық турнирлерде он матчқа қатысты. Бұған дейін ол «Қайрат» пен «Ақтөбе» сапында Еуропа лигасы мен УЕФА Конференция лигасының ойындарына да қатысқан.

Жалпы алғанда, Қазақстан Премьер-Лигасында Вячеслав Швырев 108 матч өткізіп, 11 гол соққан. Сондай-ақ ол Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларына шақырылған.

Еске салайық, өткен маусым қорытындысы бойынша «Ертіс» Бірінші лигада екінші орын алып, Қазақстан Премьер-Лигасына жолдама алды.

Испанияда доп тепкен футболшы ҚПЛ клубына ауысты

«Арсеналдың» бас бапкері алматылықтар туралы пікір білдірді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или