Орта салмақта WBC белбеуіне ие Карлос Адамес IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлына ашық сын айтты. Бұған қазақстандық боксшының кубалық Эрисланди Ларамен өтуі тиіс болған біріктіруші айқасының тоқтатылуы себеп болды. Жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлының мельдонийге тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін күшін жойған.
Эрисланди Лараның жақын досы саналатын доминикандық боксшы эмоциясын жасыра алмай, болған жағдайға қатты наразылық білдірді. Оның айтуынша, Лара жекпе-жекке ұзақ дайындалған, ал қарсыласы жас жағынан басым бола тұра, артықшылық алу үшін тыйым салынған зат қолданған.
Айта кетейік, біріктіруші жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтуі тиіс еді. Алайда оң допинг сынамасынан кейін айқас тоқтатылды. Кейін Эрисланди Лара WBA белбеуін қорғау үшін Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Ал Жәнібек Әлімханұлы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсіз екенін мәлімдеді. Ол қабылдап жүрген дәрумендерінің құрамын өзгертпегенін және допинг қолданбағанын атап өтті.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы жаңа маусымға дайындықты жалғастыруда
Ирак бокс федерациясының өкілдері іс-сапармен Астанаға келді