Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады
28 қаңтарда Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан ашық Еуропа чемпионаты басталады. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.
Чемпионаттың алғашқы күні ерлер мен әйелдер арасында жекелей сайыс өтеді. Ерлер арасында Кирилл Бауэр, Никита Акимов, Александр Мухин, Вадим Куралес, Иван Дарьин және Егор Гребенщиков бақ сынайды. Жарыс Астана уақытымен 14:20-да басталады.
Ал 18:30-да басталатын әйелдер арасындағы сайысқа Кристина Титиевская, Арина Крюкова және Мария Польдяева қатысады.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатының нәтижелері IBU кубогының жалпы есебіне кіреді. Турнир 1 ақпанға дейін жалғасады.
Қазақстандық конькимен жүгіруші әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді
Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или