Қазақстандық жас теннисші жарысты сәтті жалғастырып жатыр

Қазақстандық жас теннисші жарысты сәтті жалғастырып жатыр

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open–2026 жасөспірімдер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда қазақстандық спортшы 16 жастағы ресейлік теннисші Савва Рыбкинді екі сетте жеңді. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Заңғар Нұрланұлы Гонконг өкілі Кай Томпсонмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или