Қазақстандық теннисші сербиялық серіктесімен бірге сенімді жеңіске жетті
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге Australian Open–2026 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда қазақстандық-сербиялық жұп турнирдің бірінші нөмірлі жұптары — чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті жеңді. Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылып, 6:2, 3:6, 6:0 есебімен аяқталды.
Осылайша Анна Данилина мен Александра Крунич шешуші кезеңге өтіп, Australian Open турниріндегі сәтті өнерін жалғастырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или