Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Australian Open-2026 турнирінің ширек финалында әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті сенімді түрде жеңіп өтті. Кездесу 7:5, 6:1 есебімен Рыбакина пайдасына шешілді.
Жартылай финалда Елена америкалық теннисші Джессика Пегуламен (WTA №6) кездеседі. Пегула өз кезегінде тағы бір АҚШ өкілі Аманда Анисимованы 6:2, 7:6(1) есебімен, 1 сағат 37 минутқа созылған матчта жеңген еді.
Айта кетелік, жартылай финалдық кездесу 2026 жылдың 29 қаңтарында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или