«Қайрат» – қауіпті қарсылас: «Арсеналдың» бас бапкері алматылықтар туралы пікір білдірді
Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистерге Алматы командасының қауіпті қарсылас екенін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл – Чемпиондар лигасы, мұнда әр қарсылас өте мықты – бәрі де жеңіске үйренген. Сонымен қатар, «Қайраттың» ішкі чемпионаттағы жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Мен олардың «Реал Мадрид» пен «Интерге» қарсы екі ойынын көрдім. Олар бұл ұжымдарға айтарлықтай қиындық туғызды. Сондықтан ертең де сондай тартысты ойын күтеміз. Біз өз деңгейімізде ойнауымыз керек, өйткені бұл матчта тағы да жеңіске жеткіміз келеді. Сол үшін барымызды саламыз», – деді маман.
Айта кетейік, 20 қаңтарда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жетінші турында алматылық «Қайрат» пен «Брюгге» кездесіп, ойын бельгиялық қонақтардың айқын жеңісімен аяқталды - 4:1. Турнирдің соңғы турында қазақстандық клуб сырт алаңда «Арсеналға» қарсы ойнайды. Кездесу 28-інен 29-қаңтарға қараған түні Лондонда өтеді.
Испанияда доп тепкен футболшы ҚПЛ клубына ауысты
«Елімай» Ресей чемпионына қарсы матч өткізді