Вячеслав Швырев «Ертіс» сапына қосылды

Вячеслав Швырев «Ертіс» сапына қосылды

Қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырев «Ертіспен» келісімшартқа қол отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ертіс» футбол клубына Вячеслав Швырев қосылды25 жастағы шабуылшы Вячеслав Швырев ресми түрде павлодарлық клубтың ойыншысы атанды.

Вячеслав «Қайрат» академиясының түлегі. Өз мансабында «Ақжайық», «Қайрат», «Қайрат-Мәскеу», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарында ойнап, нәтижелі шабуылшы ретінде өнер көрсеткен еді, шабуылдың ұшында да, комбинациялық ойында да тиімділігімен көзге түсті.

Өткен маусымда Вячеслав «Ақтөбе» командасының құрамында барлық турнирлерде 10 матч өткізді. «Қайрат» және «Ақтөбе» құрамында ол Еуропа Лигасы мен Конференция Лигасы ойындарына қатысты.

Халықаралық деңгейде Вячеслав Қазақстанның 17 және 21 жасқа дейінгі жастар құрамаларына шақырылған, бұл оның жоғары шеберлігін және ұлттық деңгейде өнер көрсетуге әлеуетін дәлелдейді.

«Ертіс» Вячеславты командаға қосылуымен құттықтайды және оған сәтті маусым, нәтижелі ойындар және жарқын жеңістер тілейді!», - деп жазды Павлодар командасы Instagram парақшасында.


«Елімай» Ресей чемпионына қарсы матч өткізді

«Астана» ОЖЖ аяқталғанын мәлімдеді. Енді Дубайға аттана ма?

«Ақтөбе» «Сочи» футболшысына қызығып отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или