Энцо Алвес мадридтік клубта қалды

Энцо Алвес мадридтік клубта қалды


Мадридтің «Реал» клубында ойнаған Марселонының 16 жастағы ұлы Энцо Алвес клубпен алғашқы кәсіби келісімшартын рәсімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарттың нақты шарттары жарияланған жоқ. Дегенмен Энцо «Реал» академиясының түлегі болғандықтан, тараптар ұзақмерзімді келісімге қол қойғаны күтіледі.

Жасына қарамастан, Энцо Алвес «Реалдың» 18 жасқа дейінгі жастар командасында өнер көрсетіп жүр. Биылғы маусымда ол үш матчқа қатысқан. Оның әкесі Марсело 2007 жылдан 2022 жылға дейін «Реал» сапында ойнап, 546 матч өткізіп, 38 гол соғып, 104 нәтижелі пас берген.

Испания чемпионатының 21 турында мадридтік «Реал» 51 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Көш бастап тұрған «Барселонадан» бір ұпайға ғана қалып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или