Қазақстандық теннисші іріктеуде жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің негізгі торына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің финалында 25 жастағы қазақстандық спортшы украиналық Вадим Урсудан 3:6, 0:6 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды.
Айта кетейік, бұл матчта қарсыластар алғаш рет бір-біріне қарсы ойнады.
Манамеде өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды. Турнир жеңімпазы 33 650 доллар көлемінде сыйақы алып, сондай-ақ 125 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или