Швейцариялық шабуылшының «Ақтөбеге» ауысуы расталмады

Швейцариялық шабуылшының «Ақтөбеге» ауысуы расталмады

34 жастағы швейцариялық шабуылшы Джердан Шакири мансабын «Базель» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметтерге қарамастан, «Базель» басшылығы бұрын «Бавария» мен «Ливерпуль» сапында ойнаған футболшының трансфері бойынша ешқандай келіссөз жүргізбеген. Қазіргі таңда Шакири толықтай өз клубындағы ойынына көңіл бөліп отыр және команданың тұрақты капитаны болып қала береді.

Ойыншының өкілі Энис Рамадани Қазақстанда тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Оның айтуынша, «Ақтөбе» клубымен ешқандай байланыс болмаған.

Жасына қарамастан, екі дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы Швейцария чемпионатының ең нәтижелі ойыншылары тізімінде көш бастап тұр. Соңғы үш матчта Шакири үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Еске салайық, бұған дейін «Ақтөбе» португалиялық шабуылшы Луиш Нанимен келісімшартқа қол қойғанын хабарлаған болатын. Клубты жақын уақытта тағы бір танымал ойыншы толықтыруы мүмкін екені айтылуда.

Айта кетейік, өткен маусымда «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-Лигасында бесінші орын алып, еурокубок жолдамасынан тыс қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или