Беларусь футболының ардагері клубпен қоштасты

Беларусь футболының ардагері клубпен қоштасты

40 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Игорь Стасевич «Атырау» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Игорь Стасевич «Атырау» сапында екі жарым маусым бойы өнер көрсеткен. Осы уақыт аралығында тәжірибелі ойыншы 70 матчқа қатысып, жеті гол соққан.

Айта кетейік, Игорь Стасевич Беларусь футболының ең танымал ойыншыларының бірі саналады. Ол үш рет Беларусьтің үздік футболшысы атанып, бес мәрте елдің Жоғары лигасының ең үздік ойыншысы деп танылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или