CBF 2029 жылғы турнирді қабылдауға ниет білдірді

CBF 2029 жылғы турнирді қабылдауға ниет білдірді


Бразилия футбол конфедерациясы 2029 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатын өз елінде өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрап, ФИФА-ға ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бұл бастама ФИФА президенті Джанни Инфантиноға тікелей жеткізілген. Қазіргі таңда Инфантино Бразилияда ресми сапармен жүріп, Бразилия футбол конфедерациясының президенті Самир Шаудпен, вице-президенті Густаво Диас Энрикемен және Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелоттимен кездескен.

Айта кетейік, ФИФА 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатын өткізуге ашық конкурс жариялаған жоқ. Турнир өтетін ел ұйым кеңесінің шешімімен анықталып, АҚШ бірауыздан бекітілген. Жарыс жаңартылған форматта 32 команданың қатысуымен өтті. Ал 2029 жылғы турнир иесін таңдау тәртібі әзірге жарияланған жоқ.

2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты АҚШ-тың 11 қаласындағы 12 стадионда ұйымдастырылды. Турнирдің жеңімпазы лондондық «Челси» атанып, финалда «ПСЖ» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или