Свитолина Кори Гауффты айқын есеппен жеңді
Әлемнің 12-ракеткасы, украиналық теннисші Элина Свитолина Australian Open–2026 турнирінің жартылай финалына сенімді түрде шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол ширек финалда әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Кори Гауффты 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 59 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Свитолина алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланып, төрт эйс жасады және бірде-бір қос қате жіберген жоқ. Ал Кори Гауфф бес рет қос қателікке жол беріп, эйс жасай алмады және екі брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.
Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирінің жартылай финалында Элина Свитолина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Бұған дейін Соболенко америкалық Ива Йовичті жеңіп шыққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или