Азат Мақсұмның келесі жекпе-жегі ресми жарияланды
Mangu MMA лигасы екі бұрынғы UFC файтері, қазақстандық Азат Мақсұммен (15-3) мен өзбекстандық Рамазан Темиров (19-2) арасындағы жекпе-жекті ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
7 ақпанда Өзбекстанның Ташкент қаласындағы «Хумо Аренада» қарсыластар бразилиялық no-GI (кимоносыз) джиу-джитсу ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді. Промоушенның чемпиондық титулы сынаға түседі.
Айта кетейік, Азат Мақсұм 2025 жылы қатарынан үш рет жеңілістен кейін UFC-ден кеткен болатын. Рамазан Темировке келетін болсақ, ол әлемдегі ең үздік MMA промоушенінде де бақ сынаған, бірақ допинг-тест оң нәтиже бергеннен кейін ол тізімнен шығарылды.
2026 жылдағы алғашқы OCTAGON турнирі ресми жарияланды
Қазақ қызы АҚШ ММА лигасында чемпиондық белбеу үшін айқасады
Қазақ пен өзбек жекпе-жегі: OCTAGON аренасында Ерасыл үстем болды